01.05.2025 в 12:55

"Бірлік жарысына" 500-ден астам шығыс қазақстандықтар қатысты

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында бұқаралық спорттық мереке — «Бірлік жарысы» өтті.

Ауқымды іс-шараны ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктер, қоғамдық институттар, еріктілер ұйымдары мен «Ассамблея жастары» қозғалысының қолдауымен ұйымдастырды. Жарыстың басты мақсаты — азаматтық ынтымақтастықты, этносаралық келісімді нығайту, сондай-ақ бірлік, достық пен салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттау.

Жарысқа ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еріктілер, жастар ұйымдары, спорт федерациялары мен жүгіру клубтарының мүшелері және қала тұрғындары қатысты.

Жүгіру бағыты «Қазақстан» тауы аумағында өтті. Бұл ерекше бағыт еліміздегі көпұлтты халықтың татулығы мен бірлігінің символына айналды.