10.02.2015 в 15:03

Қазақ батырларының көрші елдердегі ескерткіштері (ФОТО)

Ұлы Отан соғысы кезінде ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қазақ батырларына көрші елдердің құрметі өте жоғары. Қазақ батырларының ерліктерін мәңгі есте сақтау үшін бауырлас қалаларда алаңдар мен мектептерге есімдері беріліп, ескерткіштері қойылған. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында көрші елдердегі осы ескерткіштерге шолу жасаған едік.

 

Ресей. Санкт-Петербург қаласы. Сирофимов зираты. Кеңес Одағының батыры, Ресей Федерациясының батыры Қайыргелді Майдановқа қойылған ескерткіш. Ескерткішті жасау кезінде есімі «Николай Саинович» деп қате жазылған.

 

 

Ресей. Ленинград облысы. Мамаев қорғаны. Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровтің құрметіне қойылған ескерткіш-тақта.

 

Ресей. Псков облысы. Невель қаласы. Қазақ қыздарының ішінен алғашқы болып Кеңес Одағының батыры атанған Мәншүк Мәметоваға қойылған ескерткіш. М.Мәметова Невель қаласын азат ету кезінде жалғыз өзі 70 фашистің көзін жойып, ерлікпен қаза тапқан.

 

Ресей. Ленинград облысы. Кировск қаласы. Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетоватындағы мектеп пен оның ауласындағы батыр ескерткіші. Ленинград қаласы үшін кеудесін оққа тосқан батырдың есімі 2001 жылы мектепке берілді.

 

Ресей. Мәскеу облысы. Волоколамск қаласы. Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлына қойылған ескерткіш. Ескерткіш ҚР-ның РФ-дағы Елшілігі және Волоколамск қаласы басшылығының бастамасымен 2014 жылы ашылған.

 

Дайындаған Нұрсерік ЖОЛБАРЫС Baq.kz

Суреттер informpskov.ru, kazakh.orgfree.com, tengrinews.kz, wikipedia.org, 24.kz, centrasia.ru, kazakh.ru сайттарынан алынды.