Ұн өнімдерін өндіру өркендеуде астық, ұн өндірісі бойынша Қазақстан әлемдегі ірі экспорттаушы мемлекет болып саналады. Бүгінде республикада осы ұн өнімдерін өндіру ісі өркендеп келеді.
Түркістанда жылына 14 мың тонна ұн өнімін өндіретін зауыт іске қосылады. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы Бөржар ауылында жылына 14 мың тонна ұн өнімдерін өндіретін кәсіпорынның құрылысы жүріп жатыр.
Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы Бөржар ауылында алдағы уақытта ірі ұн өнімдерін өндіретін өндіріс орны ашылады деп күтілуде.
"Keruen Products" өндірістік бірлестігі макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Жалпы 5,5 гектар аумақта орналасқан бұл өндірістік жоба іске қосылған соң жергілікті бюджеттің кіріс көлемін арттырады деп күтілуде.
Өңір экономикасына айтарлықтар әсерін тигізетін нысан құрылысымен танысу үшін аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы барып, жұмыстарға оң бағасын берді. Сондай-ақ Азат Абдіғалиұлы Бадам ауылында бой көтеріп жатқан 250 орындық Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын қадағалады.
БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының экономисі Дмитрий Приходьконың мәліметінше, кейінгі 10 жылда дүниежүзі бойынша бидай өндіру көлемі 17 пайызға өскен. Соның ішінде азық-түліктік мақсатта бидай тұтыну мөлшері 509 млн тоннадан 600 млн тоннаға дейін артқан. Бидай тұтыну мөлшері бойынша әсіресе Үндістанда секіріс жасалып, ондағы тұтыну мөлшері 79 млн тоннадан 90 млн тоннаға дейін өскен. Бұл мемлекет таяудағы 10 жылда тұтыну көлемі бойынша Қытайды басып озады деп күтілуде. Сондай-ақ, Пәкістан, Египет, Эфиопия, Алжир, АҚШ, Иран, Бангладеш, Нигерия, сондай-ақ, Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан елдер Судан мен Мозамбикте де тұтыну мөлшері өседі деп күтілуде.
Ұн тартудың бірнеше мың жылдық тарихы бар. Бұл тағам өндірісіндегі ең көне сала. Қарапайым дән үккіштен бастап қазіргі заманғы технологияларға дейінгі жолда адамзаттан көп еңбек, ақыл мен тәжірибе талап етілді, ал бүгінгі күні диірменші болу өте оңай сияқты болып көрінеді.
Ұн дәнді ұсақтау арқылы алынады. Егер ол тек дәннің ішкі анатомиялық бөлігін – эндоспермін ұсақтау арқылы ғана алынған болса, онда ол сұрыптық ұн деп аталады, ал дәнді толығымен ұнға ұнтақтау арқылы алынса, қарапайым ұн деп аталады.
Тағамдардың құндылығында маңызды орынды ақуыз иеленеді. Біздің ақуыздағы тәуліктік қажеттілік 80-120 г. Ұн негізіндегі тағамдарды тұтыну арқылы оның 30-10%, ал көмірсулар 400 г мөлшерде қажет, ол 50-60% қанағаттандырылады. Майлардың түгел дерлігі басқа өнімдермен толтырылуы керек, себебі ұнның құрамында олар өте аз мөлшерде болады. Тағамдардың құрамында дәрумендер, алмаспайтын аминқышқылдар, қанықпаған май қышқылдары (эссенциалды), минералды заттар (темір, кальций, селен және т.б.) сияқты биологиялық қажетті заттардың болуы үлкен маңызға ие.
Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнеркәсіптер ұнға өздерінің талаптарын қояды. Сонымен қатар, балаларға арналған және диеталық тағамдарға өзіндік сапа көрсеткіштері бар ұн қажет, сол себепті ұн өндірушілер ұнның түрлі сұрыптарын, сонымен бірге ұн қоспаларын өндіреді.
Стандарттау белгілі бір саладағы іс-әрекеттерді реттеу үшін барлық мүдделі топтардың пайдасына және олардың қатысуымен ережелерді анықтау және қабылдауды қарастырады. Стандарттау функционалды шарттарды ұстану және тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен экологиялық талаптарды қамтамасыз ету кезінде оңтайлы үнемдеуге қол жеткізуге ниеттенеді.
Ғылым мен техника жетістіктеріне сүйене отырып, стандарттау өндірістің қол жеткізілген деңгейімен қатар, оның ары қарайғы даму жолын да анықтайды. Сондықтан бәсекелестікпен қатар ол ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы күші болып табылады.