Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.
Отырыс барысында отандық экономиканың қазіргі ахуалы мен оны әрі қарай дамыту шаралары талқыланады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері қаралады.
Бұған дейінгі Үкіметтің кеңейтілген отырыстарында Елбасы атқарушы билік өкілдерін ауыр сынға алып жүр. Тіпті мектеп оқушысындай орындарынан тұрғызып, әрқайсысын тиісті саласындағы кемшіліктерін айтып тастайтын.
Ең соңғы Үкіметтің кеңейтілген отырысы Осыдан тура 6 ай, 5 күн бұрын өткен екен.Ол отырыстың басты жаңалығын біз талдап жазған болатынбыз. Ондағы басты жаңалық Үкіметтің ықшамдалуы, нәтижесінде Арыстанбек Мұхмедияұлы сияқты истеблишментке "бейтаныс" адамдар билікке келген еді. Бұл жолғы отырыстың қорытындысын да ұсынатын боламыз.