Түлкібас ауданында туристік-сауықтыру кешені бой көтеріп жатыр. Түлкібас ауданында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінде Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында «Saumal DE Lux» туристік-сауықтыру кешені бой көтеруде.
Кешеннің негізгі бағыты – саумалмен емдеу, жылқы туризмі, табиғат аясында серуендеу, сондай-ақ ұлттық тағамдарды, соның ішінде таба нан мен қолдың майын дайындау дәстүрін жандандыру.
Аудан әкімі Асқар Естібаев аталған нысанның құрылыс барысымен танысып, жұмыс барысын бақылады.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоба 2026-2027 жылдар аралығында 3 кезеңмен жүзеге асады. 1-кезеңі 2026 жылы жүзеге аспақ. Кешенде жалпы ауданы 1280 шаршы метр заманауи қонақ үй, мейрамхана, жазғы алаңша, 3 бірегей типті коттедж аудан тұрғындары мен қонақтарына қызмет жасайды. Әр коттедждің аумағы 160 шаршы метрді құрайды. Ал, 2-кезең 2026-2027 жылдары жүзеге аспақ. Бұл кезеңде заманауи спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глемпинг, 5 киіз үй, қарастырылған. Одан бөлек, балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен 2 аспалы көпір салу, тау бөктерінде 1,5 шақырым жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары жүргізілмек.
Кешеннің алғашқы кезеңі 2026 жылдың наурыз айының екінші жартысында ашылады деп жоспарлануда. Нысан іске қосылғанда, ауданның туризм саласы жаңа қарқын алып, өңір экономикасының дамуына да оң ықпал ететіні сөзсіз.
Түркістан қаласы – түркі халықтарының рухани астанасы. Мұнда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген. Кесенеге жыл сайын мыңдаған турист келеді, бұл қаланы Қазақстанның діни және тарихи туризм орталығына айналдырып отыр. Түркістан облысының аумағында сонымен қатар Отырар қалашығы, Сауран бекінісі сияқты көне орындар бар. Түлкібас ауданы табиғат ерекшелігімен туристердің қызығушылығын тартатын-ақ мекен. Бұл ескерткіштер туристер үшін үлкен қызығушылық тудырып, өңірге келушілер ағынын арттырып келеді.
Туризмді дамыту өңір экономикасына оң әсер етеді. Қызмет көрсету саласы, шағын және орта бизнес, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру сияқты бағыттар бойынша жаңа жұмыс орындары ашылады. Түркістан өңірінің тарихи және табиғи байлықтарын насихаттау арқылы шетелдік туристердің қызығушылығын арттырып, елімізге кіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бар.
Түркістан облысында туризмді дамыту тұрғысынан үлкен мүмкіндіктерге ие. Ең бастысы – осы бай мұра мен әлеуетті тиімді пайдалану. Шындығында, ұлттық парктердегі, қорықтардағы адам аяғы баспаған алқаптар – біздің басты артықшылығымыздың бірі. Сол артықшылығымызды қызғыштай қорып, тиімді пайдаланып, келер толқынға сол бұзылмаған қалпында аманаттау керек. Биыл туризмге басымдық берген аумақтардың саны көбейгенін ескерсек, жоғарыда айтқандай, ертеңге алаңдасақ, өлкелердің табиғатын аяққа баспауды бір мысқал естен шығармаған жөн. Елде 14 ұлттық парк бар. Бұл парктер ел аумағының 10 пайызын алып жатыр. Олардың ауданы жағынан Алматы облысының үлесі басым. Бірер жылда ірі ұлттық парктерде визит-орталықтар ашыла бастайды. Мұндай орталықтағы мамандар туристерге парктің аумағындағы қауіпсіздік ережесін, талап, қағидаларын түсіндіріп, жол сілтейді. Нәтижесінде, туристер бұрынғыдай оқыс оқиғаларға ұрынбайды.