03.03.2015 в 11:34

Сарапшылар бас қосады

ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық институты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін «Қазақстандағы президенттік сайлау – 2015: Ғаламдық сынақтардың алдын алу» атты дөңгелек үстел отырысына шақырады.

Алдағы екі айдағы ең басты оқиға сәуірдің 26-сына белгінген ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы болмақ.

Дөңгелек үстелде кезектен тыс президенттік сайлаудың өтуіне басты себеп болған жаһандық экономикалық, геосаяси сынақтар мәселесі, сонымен қатар, Қазақстанның ішкі қоғамдық-саяси жағдайы, президенттік сайлау науқанын өткізудің халықаралық тәжірибелері, ақпараттық және тағы басқа аспектілері талқыға салынады.

Ғылыми шараға қазақстандық сарапшылар, ҚР мемлекеттік мекемелерінің жауапты қызметкерлері қатысады. Сарапшылар талқылауы онлайн-конференция түрінде өткізіледі.

Дөңгелек үстел отырысын насихаттау мақсатында тіркелу үшін  tusupbekuly@gmail.com эл.поштасына хабарласуға болады.

Дөңгелек үстел уақыты, өтетін орны: 4-наурыз, 2015 жыл. Сағ.10:00-12:00, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 15,  Hilton Garden Inn Astana,  Garden 4 залы

Қатысушыларды тіркеу уақыты: 9:30.