Аңсаған Мұстафа − қазақтың санаулы иллюстраторларының бірі. Қаншама жылдан бері тушьпен салған суреттерін көрмеге қойып, елімізге кеңінен танылды. «Сөйле, сурет!» атты көрмесі еліміздің бірнеше қалаларында өтті. Көпшіліктің ерекше ықыласына да бөленіп үлгерді. Ендіге ретте Аңсаған Мұстафа Қазақ хандығының 550 жылдығына орай арнайы төсбелгілердің дизайнын жасап шығарды. «8 наурыз халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында осы тақырыпта аз-кем әңгімелесуді ұйғардық.
Бірде Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ерлан Қарин хабарласты. Шетелден келетін лауазымды достармен кездесетінін, оған осы мерейтойға орай төсбелгі таққысы келетінін айтты. Тіпті, оның дизайны қалай болу керектігін де айтып берді. Мен үшін еш қиындығы жоқ, жасап бердім. Бары осы ғана.
– Биыл Қазақ хандығынан бөлек тағы да мерейтойлар бар? Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70 жылдығы дегендей. Оған қандай үлес қоспақсыз?
– Ассамблеяға байланысты билбордқа ұсыныс түсті. Жасап бердім. Ұнатқандай болды. Алайда, қашан, қай жерде екенін нақты білмеген соң, бұл туралы әзірге айта алмаймын. Өйткені, кейбір еңбегімді бағаламай, аяқсыз қалдырғандар да бар. Жақында балаларға арнап әліппенің суретін салып шықтым. Бір кісілермен ауызша келісіп, шығаратын болғанбыз. Кейіннен «Қолымнан келмейтін сияқты, басқа жұмыстарым көп» дегендей сылтаулар айтты. Сосын сол әліппені шығару үшін басқа демеушілер іздеуге мәжбүр болдым.
– 8 наурыз әйелдер мерекесі келе жатыр? Өзіңіз қылқаламыңызбен бірге пікірі бар жансыз.Қыздар, әйелдер тақырыбында да көп жазасыз. Осы орайда пікіріңізді білдірсеңіз...
– Көктемдей құлпырып, көңілді болып жүріңіздер, қыздар! Күлімдеп жүрген адам әрқашан тартымды, әдемі болады. Жігіттер де сендерді көріп жігерленеді. Бәрі өз қолдарыңызда!
Әңгімелескен – Жандос Байділда.
el.kz