06.05.2015 в 09:42

Алыс елді мекенде "Тағзым алаңы" ашылды

Қызылорда облысы, Қазалы ауданында шалғай елді-мекендегі /120 км қашықтықта/ Сарыбұлақ ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай салтанатты түрде «Тағзым алаңы» ашылды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Махашов жиылғандарды Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтап, еңбек майданында маңдай терін төккен ардагерлерге лебізін жеткізе отырып, бір топ тыл ардагерінің кеудесіне мерекелік медаль тақты.

Ауыл әкімі Дуланбек Қалибеков ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап және Ұлы Отан соғысына қатысқан Дәріқожаев Махамбетқайырдың ұрпағы Марат Дәріқожаев әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті.

Одан әрі жастар тұрғындарға мерекелік бағдарламасын тарту етті.