08.05.2015 в 10:19

Оқушылар әскери спорт түрлерінен сынға түсті

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі орай Қызылорда облысы білім басқармасының кубогі үшін мектеп оқушылары жеңіл атлетикалық эстафета жарысы мен әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша  сайысты.

Жарысқа 500-ден аса оқушы қатысты. 7 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден №198 мектептің командасы алдарына жан салмаса, жүлделі екінші, үшінші орындарды №39, №173 мектеп ұжымдары иеленді.

Ал әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша №136 мектеп командасы жеңімпаз атанды. №257 мектеп екінші, №222 мектеп үздік үштікті қорытындылады.  Айта кетейік, марапаттау рәсіме Ұлы отан соғысының ардагерлері Жұмабек Рысбаев, Айдар Жолбаев, ардагер ұстаз Ш.Байділдаев пен спорт ардагері  Ю.Ф.Ким қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.