Адамзат тарихындағы ең қанды қырғын боп есептелетін екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл өтсе де, неміс фашистерінің салған лаңы ұмытылған жоқ. Отан үшін от кешкен аға буынның жеңісті жолы кейінгі ұрпаққа үлгі. Батыс Қазақстан облысында бүгінде 700-дей соғыс ардагері қалды. Соның екеуі 1945 жылдың 24- маусымында Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысып, тарихи оқиғаны өз көзімен көрген екен. Адамзат тарихындағы жойқын да сұрапыл соғыстың Жеңiспен аяқталғанына 65 жыл толғалы отыр. Атаулы күн ТМД Кеңесiнiң 2007 жылғы 10 қазандағы шешiмi негiзiнде бүкiлхалықтық мереке ретiнде аталып өтпекшi. Жеңiс мейрамы облыста да жоғары деңгейде аталмақ. Соғыс және оған теңестiрiлгендерге республика, жергiлiктi бюджет есебiнен бiржолғы материалдық жәрдем берiлуде. Мұқтаж ардагерлердi тұрғын үймен қамту, пәтерлерiн орташа жөндеуден өткiзу, басқа да әлеуметтiк қолдаулар көрсетiлiп жатыр. Облысымыздан ҰОС-ына 140 мыңнан астам адам аттанып, олардың барлығы Жеңiстi жақындатуға қатысты. Барлық майдангерлердi батыр десек, артық айтқандық емес. Сондықтан ардагер қариялар, мерекелерiңiз құтты болсын! Осы тұрғыда, Ұлы жеңістің 70 жылдыңына Ресейдегі Жеңіс шеруіне қатысқандар туған қалаларына оралды. Айта кетейік, 16 ардагер Астанада өткен мерекелік шараны тамашаласа, 6 қазаќстандық майдангермен бірге жерлесіміз Қаратай Төлепбеков Мәскеуде болып қайтты. Оңтүстікқазақстандықтар Астанадан оралған ардагерлерді әскери окрестрдің әуенімен қарсы алды. Фотосуреттерін құшақтаған майдангерлердің жүзінде қуаныш. Өйткені Ұлы Жеңістің 70 жылдығын халықпен тойлау олар үшін — үлкен мәртебе. Осы күнге жеткеніне қарт жауынгерлер риза. Қарт жауынгерлермен бірге болған әлеуметтік сала қызметкерлері Астанада өткен мерекелік шараларға оңтүстікқазақстандық ардагерлер түгел қатысқанын айтады. Маманның мәлімдеуінше, Жеңістің 70 жылдығына орай Астанаға арнайы шақырылған 16 ардагерге «Самұрық қазына» ұлттық қоры 150 мың теңгенің сертификаты табыстады.