13.05.2015 в 00:09

ОҚО-да «Жасыл ел - 2015» байқауы өтті

Елбасы  айтқандай  бүгінгі күні  ландшафттық  жасылдандыру  және  маңайды  гүлдендіру, көркейту   маңызды мәселелердің бірі болып  қалыптасуда. Ол адамның  тіршілік  ортасын  қолайлы және  жағымды  етеді. Осы қағиданы ту  етіп  ұстаған  Шымкент аграрлық  колледжінің  мамандары «Жасылел - 2015» облыстық  байқауын   ұйымдастырды, депхабарлайды "Қазақстан-Шымкент" телеарнасы.  Оған 10 - нан  астам  арнаулы  оқу  орындарының  студенттері   қатысып, өзара  бақ  сынасты. Бұл байқау бұрынғыдан  өзгерек. МұндаЛандшафтық  дизайнды  және  өсімдіктермен  гүлдерді  өсіруді  терең  мегерген  студенттер  қатысып  отыр. Олар, жарыс  кезінде  айналаны  көркейтумен  гүлдендірудің  тың  тәсілдерін  ұсынды.

Байсерік  Исабеков, ұйымдастырушы: Сәндік  гүлдерді  абаттандыру  үшін  гүл  көп. Оларды  таңдай  білудің  өзі  өнер. Гүлдерді  таңдап  солардың  бір бірімен  үйлесімділіктерін  тапқанның  өзі  еңбек. Оқушыларға  гүлдендіру,  көгалдандыру , абаттандыру , жұмыстарын  өздеріне  істетсек, сол  ландшафт  дизайнды  өздері  ой  елегінен  өткізіп, ізденсе  сол  естерінде   қалады.

Жалпы  сайыс 5 бөлімнен  тұрды. 1 бөлімде  өздерін  эмблемаларын  сондай – ақ   шығармашылық   жұмыстарымен   таныстырды. Екінші  кезеңде «Теориялық   білімін   шыңдау» үшін  арнайы   сұрақтарға  жауапберді. Ал, сайыстың    үшінші  кезеңінде 10 нан  астам   гүлдердің   физиологиясымен   қоректену   аясын  зерттеді. Төртінші  және  бесінші  сатыларында  ландшафтық  дизайн  сызып көгалдандырудың  жан-жақтықырларын  көрсетті. Бибіжар  Мұратия  Шымкент  аграрлықколледжінің 3 курс  студенті. Болашақта аграном   маманы  атанады. Бүгінгі   байқауда  ол  сәндікгүлдерді   өсіру  технологиясы   бойынша   жобасын   ұсынды. Ол «бұл  дода , тәжірибе  алмасу», - дейді.

Бибіажар  Мұратия, студент: Еңбастысы   жеңіс   емес. Бір бірімізбен   тәжірибе  алмасу. Топырақты   қолданбаймыз.  Су қолданбаймыз. Гидрогельді  пайдалану  арқылы  гүлді  өсіру. Әдемі  болып  өседі. Экономикаға  өте  тиімді.

Байқау   нәтижесінде  бірінші  орынды  Шымкент  аграрлық  колледжінің   студенттер   іиеленді. Ал   екенші   орынға   Шардаралық №16 колледждің   студенттері  тұрақтады. Ал,  жүлделі 3 оынды   Сайрамдық   қатысушылар  місе  тұтты. Айта  кетейік  бұл  жоба  алдағы  уақытта да өз жалғасын табады.