13.05.2015 в 00:59

Ажары артқан аймақ

«Қалауын  тапса  қар  жанады». Орайын  келтіріп, ретін  тауып, мүмкіндігіне  қарай  қимылдаса   жасалмайтын  шаруа  жоқ. Қолға  алған, көзделген   жұмыстың  бәрін  өзінің  жік-жігімен, жай-жапсарымен  болатынын  көз  көріп  жүр. Осы орайда, Қазақстан Президенті білім бе­руді  жұмыстарын жалғастыры туралы. «Болашақ экономикалық өсімге негіз қалауға мүмкіндік беретін адам капиталына салына­тын ұзақмерзімді инвестиция. Бі­лім беру саласында «Балапан» бағ­дарламасын жүзеге асыруды, орта білім бойынша жан басына қар­жы­ландыру тәртібіне көшуді және 12 жылдық білім беру моделіне бір­тіндеп өтуді жалғастыру қажет» деген еді Мемлекет басшысы. Осы тұрғыды, Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 101 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылысы  жүріп  жатқан  нысандардың  82-сі  мектеп  болса,  14 жаңа  балабақша  ал,  қалған  5-і  мектеп  жанындағы   қосымша  құрылыстар. Осы  білім   нысандарының   67-і  биыл   пайдалануға  беріледі. Оның  ішінде 49   білім  нысандарының  27-і  апатты,  3-і - үш аусымды, 13-і  балабақша. Сондай-ақ, балғындарды  балабақшамен   қамту  мақсатында  жыл  соңына  дейін  12 мың  баланы  қамтитын  95 мектепке  дейінгі  ұйым  пайдалануға  беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік  серіктестік  аясында  ашылмақ. Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  білім, жастар саясаты   1-6  жасар   аралығындағы   151948   баланы қамтитын  1412 мектепке  дейінгі  ұйым жұмыс  істейді. Естеріңізге  салсақ, былтыр өңірде  115  білім  нысанының   құрылысы  жүрген   болса,  «Балапан» бағдарламасы  аясында мектепке  дейінгі  160 ұйым  іске   қосылған.