13.05.2015 в 01:12

Еңбегі елге елеулі жандар марапатталды

Бүгін  облыс  әкімі  А.Мырзахметов   Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  оңтүстікқазақстандық  жауынгерлер  туралы  материалдар     дайындап, БАҚ арқылы  отансүйгіштік пен патриотизмді  кеңінен  насихаттағаны  үшін  бірқатар  бұқаралық  ақпарат  құралдарының өкілдері мен  жазушы, ардагерлерді  қабылдап шығармашылық табыс тіледі,  жАлғыс  хат пен  және  Құрмет  грамотасымен  марапаттады, бағалы  сыйлықтарды табыстады, деп  хабарлады  ОҚО  баспасөз  қызметі.  Салтанатты  шара  кезінде  өңір   басшысы – Жеңістің 70 жылдығын  жоғары  деңгейінде  атап  өту  жолында  еңбек   азаматтарға алғысымыз шексіз.  Алдағы уақытта да ұлағатты  істердің дамуына қосатын үлестеріңіз еселенеді деп білемін, – деді. Облыс әкімінің марапатымен «Айғақ» телерадиокомпаниясының  президенті  Д.Әбіш, «Отырар» телеарнасының  В.Куликова, облыстық  ардагерлер  кеңесінің  төрағасы   Ж.Мәуленқұлов, жазушы, облыстың   Құрметті азаматы   М.Байғұт, «Казахстанская правда» газетінің   тілшісі  Л.Доброта,  «Оңтүстік Қазақстан»  газетінің  тілшісі  Ш.Орынбай, ғалым, тарих   ғылымдарының   докторы  С.Жолдасов,  жазушы,  Шымкент  қаласының   Құрметті  азаматы  С.Жанәбіл  және т.б. азаматтар   марапатталды. Сондықтан да олардың өлшеусіз еңбегі еленіп, мүмкіндігінше  марапат  жасалып  тұруына  және  осы мақсатта бірқатар   жоспарларымызды  жүзеге  асырып   отыру  жолында, еліміздің ертеңі үшін  елеулі  еңбек  еткен  ардақты  жандардың   қуанышына  серіктіктерін білдірді.