14.05.2015 в 11:41

«OTAU TV» желісінің жеңіс күніне тартуы

Шымкенттік 55 ардагер енді облыстық жаңалықтардан бөлек, еліміздің барлық аймақтарындағы ақпараттан да хабардар болады. Майдангерлерге 30 шақты отандық телеарнаны цифрлық форматта көруге мүмкіндік жасаған «Қазтелерадио» және «ПетроҚазақстан» акционерлік қоғамы. Жерсеріктік «OTAU TV» желісі 2011 жылдан бері қолжетімді болса, 2013 жылы облысымызда цифрлық эфирлік телехабар тарату желісі пайда болды. Содан бері өңіріміздің миллионға жуық тұрғыны сандық жүйедегі отандық телеарналарды тамашалап келеді. Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай оңтүстік ардагерлеріне «Қазтелерадио» қоғамы тарту жасады. Динара Жанходжаева, «Қазтелерадио» АҚ сату бөлімінің маманы: Облысымыздың ардагерлері 24 отандық телеарнаны цифрлық форматта көруге мүмкіндіктері бар. Ал, қалған облысымыздың аудандарындағы ардагерлер осы біздің «Отау – ТВ» қызметіне кезеңімен осы жылы қосылатын болады. Анарқұл Ерботаев - қытай революциясындағы шайқасқа қатысқан. 1418 тәулікке созылған соғыстың бар қиындығын басынан өткерген. Бейбіт өмір сыйлаған ардагер мерейлі мереке қарсаңында көрсетілген көмек пен құрметке дән риза. Анарқұл Ерботаев, соғыс ардагері: костюмін де беріп жатыр, оны бала-шағамен таласып та жатырмыз. Оны жасыратыны жоқ. Той берейін деп жатырмын. Ақыры тоқсанға келген жасым бар. Мемлекеттен алып жатқан жағдай жақсы. Көмек болып жатыр ғой. Айта кетейік, облыс бойынша 400 – ден астам майдангер бар. Жыл соңына дейін олардың барлығы дерлік отандық телеарнаны цифрлық форматта көрулеріне мүмкіндік алады