14.05.2015 в 11:53

Қарақұйрық аулайтындарға күрес күшейтілді

Мамыр айының алғашқы онкүндігі «Марал суығы» деп аталады. Осы уақыт аралығында барлық қарақұйрықтар лақтап үлгереді. Ұрымтал сәтті броконерлер ұтымды пайдаланып қалуға тырысады. Сондықтан «Арыс-Қарақтау» мемлекеттік қорығының инспекциясы қадағалауды күшейте түсті. Қарақұйрық – сүтқоректілер класының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аң. Бетпақдаланың оңтүстігінде, Оңтүстік Балқаш өңірінде кездеседі. Санаулы ғана. Қазақстанда бар-жоғы 13 – 15 мыңдай. Ал өңіріміздегі «Арыс – Қарақтау» қорығын былтырғы санақ бойынша сирек кездесетін жануардың 2 мыңға жуығы мекен етеді. Сондықтан, «Қызыл кітапқа» енгізілген. Терісі бағалы, еті дәмді болғандықтан түз тағыларынан бөлек екі аяқты жұмырбастылардан да бұл сұлу аңға жылу болмай тұр. Сондықтан қорық инспекторларына қырағылық таныту басты қағида. Осы қорықта бірнеше жылдан бері жұмыс істейтін Пазылбек Байбосынов табиғатқа тағылық еткісі келген талай броконерлерді құрықтаған. Маралдар лақтап жатыр босаңситын кеземес, күзет күшейтілген. Пазылбек Байбосынов, «Арыс-Қарақтау» мемлекеттік қорығының инспекторы: Құралайдың лақтайтын күнің мамырдың 3 мен 7 дейін.Аяққа тұрып кеткенше барлық инспекция өз аумағын бақылауға алады. Міне бүгін 4-ші күн болды жүргенімізген, барлық күшті осыған жұмылдырып жатырмыз. «Арыс-Қарақтау» мемлекеттік қорығының аумағы алты миллион гектарды құрайды. Бұл жерде жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен сирек кезедесетін құстар да мекен етеді. Ғалымжан Тасқараевтың, «Арыс-Қарақтау» мемлекеттік қорығының инспекторы: өкіметаралық келісім  негізінде  Біріккен Араб Әмірлігінен әкелінген дуадақтарды орысша айтқанда бейімдеу үшін осындажіберілген. Соларды қатаң бақылап жатырмыз. Айта кетейік, биыл сексеуіл сатуды кәсіпке айналдырған топтың ізі кесілді. Нәтижесінде оңай олжаға кенелгісі келгендер тиісті жазасын алды. Бұл қорық қызметкерлері жұмысының бір парасы ғана. Жаз шыға суаттарды айналшықтайтын аң құсқа аңдушыларда табылады. Қырағы қызмет жыл 12 ай жалғаса бермек