14.05.2015 в 11:59

Жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өтті

Мақтаралда жасөспірімдер арасында волейболдан турнир өтуе. Оқушылар арсында өткен сайысқа 13 команда қатысып,  өз бақтарын сынады. Айтып өту керек бұл бәсеке құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүріп, қапияда көз жұмған Сапарбек Қалымбетовты еске алуға арналды. Сапарбек Қалымбетов Атамұра ауылында өмірге келіп, Қ.Қайсенов жалпы орта мектебінде білім алған. Мектепте оқып жүргенде-ақ спортты жанына серік еткен бозбала құқық қорғау саласында еңбек етті. Алайда, ол қызмет бабында жүріп, қапияда қаза тапқан. Мұсабек Қалымбетов, С.Қалымбетовтың әкесі: Менің мақсатым – жылда осы Қазақстан елінің спортын алға дамыту, барлық халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру, яғни, жылда осындай ауыспалы кубог бар, ауыспалы кубогті ауысып отырамыз. Жылда бұл дәстүрге айналады, яғни, келешекте Қазақстанның туын желбіретеді деп сенемін. Кіл мықтылар қатысқан сайыс тартысқа толы болды. Турнирдің ақтық сынына Мұхтар Әуезов мектебі мен Қасым Қайсенов мектебінің құрама командалары шықты. Іріктеу сындарынан іркілмей шыққан қос команда бір-біріне лайықты ойын үлгісін көрсетті. Десек те, турнир қорытындысымен Қасым Қайсенов құрама командасы І орынды иеленсе, соңғы сәтте қарсыластарына есе жіберген  Мұхтар Әуезов мектебінің құрамасы ІІ орынға табан тіреді. Базарбай Каримов, турнирдің бас төрешісі: Бірінші орын алған азаматқа ауыспалы кубог беріледі. Осы кубогті келесі жылы ол команда алып келіп, ойынын ары қарап жалғастырады. Егер 3 жыл қатарынан алса кубог сонда қалады. Ал, қалмаса кубог айналып жүре береді. Айтып өту керек ауданда Бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Аталмыш салаға қарастырылып жатқан қаржының көлемі де жыл санап артып келеді