14.05.2015 в 12:03

ОҚО фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам азық-түлік әкеледі

2015 жылғы 16 мамырда Алматыда Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. «Демалыс күнгі жәрмеңкеде алматылықтар азық түліктің 45-тен астам түрін (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары мен т.б.) нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзанға сатып ала алады», делінген. ОҚО фермерлері 56 тонна ет, 5 тонна сүт өнімдері, 75 тонна жеміс-көкөніс пен жалпы шамамен 100 млн теңге сомасына басқа тауарларды әкеледі. Олар мегаполиске барлығы 202 тонна экологиялық таза және сапалы өнімдер жеткізеді.

Жәрмеңке Астана алаңында өтеді.Онда 137 тонна сапалы, экологиялық таза азық-түлік түрлері саудаланып жатыр. Атап айтқанда, 29 тонна ет, 17 тонна картоп, 64 тонна көкөніс пен 2 тонна жеміс-жидек және бал, балық тауарлары бар. Айтакетерлігі кешке дейін жалғасатын жәрмеңкеге қойылған өнімдердің барлығы экологиялық жағынан таза, базардағы бағадан арзан. Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Шардара, Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарының дихандары молынан өнімдерін ала келген. 10 мың дана жұмыртқа, кептірілген балық, қияр, қызанақ барлығы да тұтынушыға нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынылуда. Көктемгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қала тұрғындарының көңілін көтерді. Айтулы мерекелер қарсаңында ұйымдастырылған шара азық-түлік белдеуін дамытуды мақсат етуде. Бағасы арзан өнімнің сапасы жоғары. Тұрғындарды қызықтырып отырғаны да осы. Жәрмеңке аясында саудаланбай қалған өнімдер Республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне экспорталмақ