Облыстық суретшілер байқауы өз мәресіне жетті. Сурет өнерінің сырына үңіліп, сөз орнына қылқаламды қару еткен шеберлердің сайысына 47 суретшінің 130-дан астам туындысы қойылған еді. Осы шығармалар арасынан кәсіби мамандардың назарына іліккендері үш номинация бойынша жеңімпаз деп танылды. Көрмеге келушілердің назарын аударған соғыс жылдарын қаламмен сөйлетіп, майлы бояу арқылы тың күңгірт түске басымдық беріп, қаралы күндерді суреттер емес, кешегі мен бүгінгіні сабақтастыра отырып, жарқын болашақтың жайдары күндерін бейнелеу. Өйткені, қатысушылардың арасында сурет өнерінің жіліген шаққан майталмандармен қатар, қаламын енді ғана ұштаған жастар да бағын сынады. Айнабек Оспанов, бейнелеу өнер мұражайының директоры: Байқауға облысымыздағы көптеген жастар тартылды. Мақсаты белгілі, көрме кәсіби дәрежеде өтіп жатыр. Расында, өнер адамдарына материалдық көмек көрсетілгені орынды, өйткені рухани дүниесі бай, асыл құндылықтарға толы емес пе, «45 жылдың көктемі», «Әке соғыс ардагері», «Елге оралу», «Сүйінші» атты туындылар нағыз жеңістің жетістіктерін суреттеген. Ұйымдастырушылардың айтуынша көрмеге қойылған суреттердің басым бөлігі кескіндеме жанрында. Ал, жастар жағынан ұсынылған дүниелердің дені сәтті түсірілген суреттер ғана, «Жеңіс бақыты» туындысы арқылы графика жанрын тағы бір жаңартқан Батухан Баймен жарыс жеңімпазы деп танылды. Б.Бәймен, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері: «Жеңіс бақыты» суреті негізінен пәлсапалық мағынаны аңғартады. Сонымен қатар мұнда графика саласында салынған 4 туынды қойылды. Бірі түрлі-түсті бояумен жеңіс күнін аңғартса, бірі тек қара түспен қайғылы күндерден хабар береді. Келушілер тек сурет өнерінің кереметіне куә болмады. Мәңгі өшпейтін алаудың макетін тамашалап, ән мен жыр тыңдады. Кеш соңында үздік топтама иелері ынталандыру дипломдарымен қатар, қаржылай сыйлықтарға ие болды.