Мәңгілік елдің мәуелі жемісі - балғын балаларымыз. Олар бала шақтан болашаққа қадам жасауы үшін іргесі берік балабақшалар қажет. Осы мақсатта Сайрам ауданында заман талабына сай 160 орындық балабақша еңсе тіктеді. Одан бөлек мектепке дейінгі мекемеде 40-қа жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Заман талабына сай бой көтерген қос қабатты ғимарат 160 балғынға лайықталған. Мұнда өрендердің алаңсыз тәрбие алуына және олардың бойына білімнің алғашқы негізін қалауға қажетті жағдайдың барлығы жасалған. «Бақдәулет-Гриб» балабақшасы бүлдіршіндерге тәрбие берумен қатар үш тұғырлы тіл саясатын мықтап қолға алған. Айман Бөгенбаева: Бақдәулет-GRIB балабақшасының меңгерушісі Қазақстанның келешегі жас ұрпақ. Сол себептен де міне балаларымыз өсіп, олар Қазақстанның 2050-жылын құрушылар осылар болады. Осыларға әрқашан да денсаулық тілейміз.
Қасымбек-Датқа ауылы балғындарының басын қосқан балабақшаны салуға жеке кәсіпкер Сиқымбай Сағындықов демеушілік жасаған. Атымтай азамат жеңіс күні қарсаңында отты жылдары омырауын оққа тосқан ауылдағы соғыс ардагері Тәшкенбай Көлбаевқа тектіліктің белгісі ретінде тұлпар мінгізіп, шапан жапты. Сиқымбай Сағындықов, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты: Міне, бүгін Елбасының арқасында балабақша салып, бірнеше іс-шара өткізіп, балаларды тәрбиелеу ісінде жоғары жетістіктерге жетіп жатыр. Мұнда елдігіміз бен бірлігімізді дәріптейтін түрлі үйірмелер мен балғындардың салауатты өмір салтын ұстануына арналған ойын алаңшалары бар. Жаңа бүр жарып, тамыры тереңнен сусындаған өрендер тәрбиешіден тәлім алып, жеңіс күні бабалар рухына тағзым етті.