Мамырдың алтысы күні Америка Құрама Штаттарының Хьюстон қаласында басталған халықаралық ғылыми жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Оған қатысқан біздің өңірдің қос бірдей оқушысы жеңіс тұғырынан көрінді. Айтып өту керек аталмыш білім додасына АҚШ, Ресей, Жапония, Корея, Қытай, Түркия сынды мемлекеттің білімді жастары қатысқан. Осыншама елдің жас ғалымдары арасында жеңіске жеткен жерлестеріміз елге оралды. Физика, энергия, инженерия бағытындағы өткен жарысқа 67 мемлекеттен 668 оқушы қатысқан. Оның 12-сі Қазақстандық оқушылар. Әлемдегі ең ауқымды білім сайысында Шымкенттік Төрегелді Айтбек пен Алисұлтан Абдуллаевта бар. Олардың ғылыми жұмыстары үздік деп танылып, оқушылар қола медаль иемденді. «Археологиялық материалдардың құрамын зерттеу» тақырыбында ауқымды жоба жасаған 11 сынып оқушысы Төрегелді Бақтыбайұлы: өзінің «жұмысын толықтай шет тілінде қорғап шығу мен үшін оңайға соқпағанын айтады. Төрегелді Айтбек, жарысқа қатысушы: Жарыс оңай өтті деп айта алмаймын. Кілең мықтылар бас қосты. Біліміміздің арқасында озып шықтық деп ойлаймын. Еліміздің болашағы жастар ғой осындай жарыстар көп болып туымыз көкте желбірей берсін дейміз. Сондай-ақ, Шымкенттегі «Жас ғалым» журналы мен «Жасұлан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен сайыс та өз жеңімпаздарын анықтады. Екі бағытта бойынша ғылыми және шығармашылық жұмыстарын конкурсқа жіберіп, жетістікке жеткен оқушылар «Жас Ғалым» номинациясымен марапатталды. Диана Әуезхан, байқауға қатысушы: Мен темекінің адам ағзасына қаншалықты зиян екенін зерттеп, сол жұмысымды өткіздім. Ол адам өмірін қысқартады. Денсаулығына зиян келтіреді.. Жас ғалымдардың ғылымға деген құлшыныстарын арттыру, ғылыми ізденістерін ынталандыру нәтижесі мол іс. Себебі, ел болашағы білімді жастардың қолында