15.05.2015 в 14:33

«Ордабасы» мен «Шахтер» кездеседі

Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел чемпионатының 11туры аяқталды. Команда құрамындағы бірқатар футболшылардың жұлдызы жанып, үздік ойыншы атағына да ие болып жатыр. Мысалы, жанкүйерлер арасындағы сауалнама бойынша «Ордабасы» ойыншыларының арасынан Азат Нұрғалиев пен Александар Симчевич үздік деп танылып отыр. Ал кейбіреулері, керісінше, он бір  тур бойына жасыл алаңға шығуға өз кезегін күтіп отыр. Ондай аяқдопшылар шымкенттік «Ордабасының» сапында да бар. Бұл матч басталмас бұрын Оңтүстіктің командасы бірқатар қиындықтарға тап болған еді. «Шахтер» мен «Ордабасы» арасындағы кездесу бір сағатқа кейінге шегеріліп,ауа райының қолайсыз болуына байланысты Астанадан Теміртауға апаратын тасжол біраз уақытқа көлік қозғалысы үшін жабылған еді. Оңтүстіктің командасы мінген автобус екі рет тоқтатылып, жерлестеріміз жол үстінде кідіріп қалуы,нәтижесінде Теміртаудың стадионына жоспарланған матч сағат 16:00-де басталды.  Енді жуық арада, Футболдан премьерлига командаларының 12-тур ойындары 16-мамыр күні өтеді. Онда Шымкенттің "Ордабасы" командасы өз алаңында Қарағандының "Шахтерін" қабылдайды. Тартысты кездесу сағат 15-00 де басталады. Айтып өту керек «Шахтер» Виктор Кумыковтың өткен жылы баптаған командасы. Биыл турнир кестесінің ең соңында қалып қойған команда. Ал, Қарағандылық ойыншыларды осы ойынға кімнің бастап келетін белгісіз болып тұр. Сондықтан да жерлестерімізге жеңіске бір табан жақындық бар. біздің арнаның тұрақты көрермендері бұл матчты 22 -00 де тамашалай алады. Өз командамызға бірге жанкүйерлерлік жасайық