16.05.2015 в 11:53

«Южный Казахстан» газетіне — су жаңа автокөлік

Биыл Оңтүстік өңіріндегі «Южный Казахстан» саяси-қоғамдық газетінің алғашқы нөмірінің жарық көргеніне 90 жыл толады. Мерейтой құрметіне орай редакция ұжымы атқарған жұмыстарын саралап жатыр. Басылымның тілшілері облыс орталығындағы талай оқиғаларды, жаңалықтарды, келелі мәселелер мен оңды істерін еске алуда. Бұл газет өңірмен бірге дамуға қадам басқан «Южный Казахстан»газетінің бас редакторы Марина Лимаренко    7 жылдан бері басылымды басқарып келеді. Редактордың айтуынша, газеттің басты жетістігі — оқырмандарының артуы. «Газетті, үлкен ұжымды басқару маған үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бірақ мен шаршадым немесе жалықтым дей алмаймын. Себебі, мен өмірімді газетпен ғана елестетемін. Таңданатыны сол — газеттің алғашқы нөмірінің редакторы да әйел адамы болған. Ал бүгінде ғасырға жуық уақытты бастан өткерген басылым елмен бірге, Қазақ журналистикасымен бірге талай қиын кезеңді артта қалдырды. Бірақ, газет оқырмандары үшін қызметін тоқтатқан жоқ, керісінше ізденіп, тың жаңалықтарымен көпті дер кезінде сусындатып келеді».

Басылым бейбіт өмір мен қоғамның көрінісін және ширек ғасырдың естелігін жазып,  алыстағы ауыл-аймақтарды да ұмыт қалдырмайды. Іс-сапармен аудан-қаланы аралап кететін тілшілер де баршылық. Бүгінде бұл тек басылымның атауы ғана емес, білікті жорналшылардың редакциясы, оқырманның таңдауы.  Осы орайда,басылымның торқалы тойына Облыс әкімдігі редакцияға отандық су жаңа автокөліктің кілтін тапсырды. Келген көпшілік құттықтау лебіздерін білдіріп, сый-сыяпатын табыстады. Әріптестері ғасырға жуық уақытты бастан өткерген басылым турасында естеліктер айтты. Шара соңында «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы Марина Лимаренко: «Ұжым мерелік шараны өткізу үшін ұзақ уақыт бас қатырған жоқ. Себебі, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 2015 жылды Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп бекітті. Сондықтан біз этнос-аралық фестиваль өткізуді жөн көрдік. Бүгінгі мерейтойға  барша этнос өкілдері мен оқырмандарымыз қуана қатысып жатыр. Ал,  редакцияның ендігі мақсаты — көптің артқан сенімі арқылы жемісті жұмыстар атқару».