16.05.2015 в 12:39

Мүлікті жария ету науқаны жалғасуда

Естеріңізге сала кетсек, елімізде Елбасы тапсырмасына сай мүлікті жария ету науқаны жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен басталған науқан, 2015- жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. 2017 жылдан бастап еліміздің әрбір азаматы мүліктік деларация тапсыратын болады, сол себепті тұрғындар жеке мүлктерін заңдастыруға тиіс. Осы науқанға қатысуға заңмен белгіленген тәртіпте мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың құқығы бар. Сондай-ақ, Жария ету туралы Заңмен жария етуге жататын мүлікпен қатар, жария етуге жатпайтын да мүліктің барынша толық түсінігі белгіленген. Осы орайда облыстық, аудан- қалаларында халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Өңірімізде мүлікті жария ету науқаны ағымдағы жылдың желоқсан айына дейін жалғасады. Шымкент қаласына қарасты төрт аудан әкімдіктерінде құрылған комиссия мүшелері құжаттарды қабылдауда. Осы уақыт аралығында қала тұрғындары жер теліміндері мен жылжымайтын мүліктерін заңдастырып алуға мүмкіндігі бар. Рақымшылық науқаны басталғалы бір ғана Ал-фараби ауданы әкімідігі жанынан құрылған коммиссия 5500 тұрғынға түсініктеме жұмыстарын жүргізген. Бүгінгі таңда халықтан 52 өтініш түсіп, оның 17-сі коммиссия шешімімен жария етіліп 28-не жария етуден бас тарту туралы шешім шыққан. Кері қайтарылған өтініштер себебі мүлік қаланың бас жоспарына сәйкес келмеуі мен құрлыс регламентіне сай болмауына байланысты. Тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстары әлі жалғасып жатыр