16.05.2015 в 13:25

Елі құрметтеген - ерлер есімі ұмытылмайды

Мақтарал ауданында, елінің тәуелсіздігі үшін күрескен ерлер есімі ұлықталды. Осы өңірдің тумасы, Кеңес Одағының батыры Абылай Әлімбетовтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды. Сондай-ақ, «Жеңіс» мектеп-гимназиясының  алдынан аудандағы екінші ескерткіш бой көтерді. Мақтарал ауданынан соғысқа 13 мыңнан астам азамат аттанып, олардың небәрі 3932 – сі ғана елге оралған. Ал 12 ардагер кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Ауданда бүгінгі таңда көзі тірі – 26 соғыс ардагері мен еңбектері ерлікпен бірдей бағаланатын 2600-ге жуық тыл ардагерлері бар.Осы тұрғыда шарада сөз алған Мақтарал ауданының әкімі С.Тұрбеков: Майдангер және тыл ардагерлерін, Жеңістің 70 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтауын жеткізіп, сый-сияпаттарын жасады.Сонымен қатар, атауы ұлы жеңіспен байланысты бұл білім ошағында биылғы мерейлі мереке қарсаңында еңселі ескерткіш бой тіктеді. Оның орнатылуына ат салысқан мектеп оқушыларының ата-аналары. Елі үшін қан майданға аттанып, қасық қаны қалғанша алысқан ардақтылардың ерлігі болашақ ұрпаққа зор үлгі деп есептейді .  Гүлжан Убайдина, «Жеңіс» мектеп – гимназиясының директоры: Ең бірінші үлкен рахметімді айтқым келеді біздің ата-аналар комитетінің алқасына. Басы-қасында болып, осындай жанашыр кісілерді тауып, демеушілер іздеп, әрбір азаматтың өз үлесін қоса білді. Мұндай игі істер бабалар ерлігі мен өскелең ұрпақ арасындағы сабақтастықтың айғағы екені сөзсіз. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында ҰОС нан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңген Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың, өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол-өмір заңы.