Алматылықтар жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерінің 45 түрін - ет-сүт, жеміс-жидек, көкөніс, шұжық, ұн, жарма, өсімдік пен жануар майын және басқа да тауарларды базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатып ала алады.Алматылықтар жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерінің 45 түрін - ет-сүт, жеміс-жидек, көкөніс, шұжық, ұн, жарма, өсімдік пен жануар майын және басқа да тауарларды базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағамен сатып ала алады.
«Биылғы дәстүрлі жәрмеңкеге жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының екі қаласы - Шымкент пен Түркістан және 14 ауданнан келген тауар өндірушілер Алматыға жалпы сомасы 100 млн. теңгеден асатын, 202 тонна экологиялық жағынан таза және сапалы өнім алып келді. Олардың ішінде ет өнімдері - 56 тонна, сүт өнімдері - 5 тонна және жеміс-көкініс - 75 тоннаны құрайды. Биыл тауарлардың ауқымы кеңейді. Былтыр барлығы 150 тонна өнім әкелген болатынбыз. Биыл мінеки 202 тоннаға жеткіздік, Қазір қарап тұрсақ, бұдан екі есе көп әкелсек те өтіп кетеді екен. Сатып алушылар көп. Сондықтан биыл күзде және келесі жылы жәрмеңкенің ауқымын бұдан да кеңейтетін боламыз» - деді өз сөзінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.
Бүгін жәрмеңкеде сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының көркемөнерпаздар ұжымы келушілерге арнап концерт беруде.