18.05.2015 в 14:45

Шымкент қаласын көріктендіру жалғасуда

Шымкент қаласын  көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Шаһар аумағында жаңа ашылған «Мәңгілік ел» алаңы маңы көріктендірілуде. Яғни абаттандыруға 700 миллион теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы қалада өтіп  жатқан сенбілікке келген қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров мәлім етті. Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, биыл Шымкент қаласын абаттандыру жұмыстарына 700 миллион теңге қарастырылған.

«Егер, қаржы қажеттілігі туындап жатса, қалалық мәслихаттың кезекті сессияларында бюджетті нақтылау барысында түзетулер енгізіп, қосымша қаражат қайта бөлінетін болады», - дейді хатшы.

Нұрлан Бекназаров бұл қаражат оны күту жұмыстары «ЛТД Тұрмыс» серіктестігіне жүктелген. Негізінен қаланың негізгі көшелерінің таза ұсталуына, абаттандыру, көгалдандыру, гүлдендіру, саябақтардағы шіріген ағаштардың орнына жаңа көшеттерді отырғызуға жұмсалатынын жеткізді. Осындағы 400 шаршы метрден астам жерге Сарыағашта өсірілген гүл егілген. Осыдан екі ай бұрын дәл осы алаңда «маргаритка» гүлдері егілген болатын. Оның 34 мың данасы 40 теңгеден Сайрағаштағы жылыжайлардан сатып алынған еді. Алайда наурызда жауған қардың салдарынан гүлдер солып қалды. Сондықтан коммуналдық сала қызметкерлері бұл алаңға қайта гүл көшеттерін отырғызды. Нұрлан Бекназаров бұл қаражат негізінен қаланың негізгі көшелерінің таза ұсталуына, абаттандыру, көгалдандыру, гүлдендіру, саябақтардағы шіріген ағаштардың орнына жаңа көшеттерді отырғызуға жұмсалатынын жеткізді.