Гофрокартон шығаратын зауыт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан.Жобаның жалпы құны 650 млн. теңгені құрап, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылған. Мұнда бүгінде 60 адам жұмыспен қамтылып отыр. Жылына 10 млн шаршы метр гофрокартон. Шымкенттегі Каzbiolife ЖШС-нің 3 және 5 қабатты қағаз қорапшаларын шығаратын зауыт осындай қуатқа ие. Кәсіпорын индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында былтыр күзде іске қосылған. Аз ғана уақыттың ішінде 1 млн шаршы метрден астам қағаз қораптарын шығарып үлгерген. Отандық өнімге сұраныс та жоғары. Серіктестік басшылығы болашақта зауыт жанынан қағаз қалдығын өңдейтін цех салуды жоспарлап отыр. Яғни өнім қалдықсыз өңделеді. Көпболсын Манапов қағазды бір-біріне желімдеп, гофрокартон шығаратын қондырғыны басқарады. Станок тоқтап қалса, қаншама орама қағаз жарамсыз болып қалады. Сондықтан жас маман өзіне жүктелген ісіне жауапкершілікпен қарайды. Бір сөзбен айтқанда, ол зауыттың нағыз жүрегін басқарады. Отандық өндіріс соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Станоктар лизингке сатып алыныпты. Олардың тілін жергілікті жастар меңгерген. Қажетті қағаз қорапшаның көлемі алдын ала сызылып, ол мәлімет компьютер бағдарламасына енгізіледі. Құрылғы гофрокартонды автоматты түрде кесіп шығады. Индустриаландыру картасы шеңберінде жұмыс істеп тұрған зауыттың жалпы жобалық құны 650 млн теңгеге жуық. Қала іргесіндегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан зауытқа қажетті инфрақұрылымды мемлекет тегін жүргізіп берді. Зауыттың тағы бір ерекшелігі, сұранысқа қарай қорапшаның сыртқы жазуларын да осында таңбалап береді. Қазіргі таңда әсіресе азық-түлік өндірушілерден тапсырыс жиірек түседі екен. Болашақта зауыт жанынан қағаз қалдығын өндіретін цех ашу да жоспарда бар. Қағаз дайын өнім болып шыққанға дейін бірнеше түрлі қондырғыдан өтеді. Отандық өнімнің екі түрлі артықшылығы бар. Біріншісі – 5 қабатты гофрокартон оның төзімділігін арттырады. Ал екіншісі жылдам әрі тез құралады. «Мамандар қорап көп салмақ көтереді» дейді. Қазір картонның қаншалықты мығым екенін білу үшін мен үстіне шығып көрейін. Міне, отандық өнім шетелдік тауарлармен салыстырғанда дәл осылай ерекшеленеді.