19.05.2015 в 21:13

Түркістанда үшінші рет «Қазақ хандығының 550-жылдығына» арналған халықаралық конференция өтпек

Күні ертең түбі бір түркі жұртының орталығы Түркістанда «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған» халықаралық конференция өтеді. Конференцияға Республикамыздағы және шетелдердегі тарих, филология, философия, шығыстану, заң салаларының ғалымдары, этнографтар мен деректанушы, тарихнамашы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының қызметкерлері қатысады. Конференцияның материалдары жинақ түрінде шығарылады.

Конференцияның негізгі тақырыптары ретінде "Қазақ хандығы және Түркістан", "Қазақстан тарихындағы қала мен дала", "Қазақстан аумағындағы көне және ортағасырлық мемлекеттер" тақырыптары таңдап алынған.

Конференцияға қатысу үшін ғылыми баяндамалар ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 2015 жылдың 25 наурызына дейін жіберілуі тиіс. Осымен үшінші рет ұйымдастырылғалы отырған жиынға әлемнің 22 елінен 200 ден астам ғалымдары қатысады» деп күтіліп отыр. Бүгінде айтулы шараға дайындық жүріп жатыр. Үкіметтің «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы» қаулысының аясында өткелі отырған конференцияға 22 елден 200 ден астам ғалымдар қатыспақ. Ал, айтулы жиынның ашылу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев пен ғылым және білім министрі сондай-ақ, Мәдениет министрлері қатысады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы К.Айдарбекова айтты, бүгінде аймақта 756 мәдениет және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. «Оның 428-і – кітапхана,268-і – клуб, 25-і – мұражай және 12-і – саяжай», — дейді басқарма басшысы.Сонымен қатар, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай – 79, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына – 64, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына 47 іс-шара ұйымдастыру жоспарланғанын хабарлады. Шара Қазақ хандарының көрмесімен бастау алмақ.