20.05.2015 в 12:43

«Ордабасы» - «Шахтер» 1-0

Футболдан премьерлига командаларының 12-турдағы ойындары аяқталды. «Ордабасы» командасы өз алаңында Қарағандының Шахтерін қабылдап 1-0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз доптың авторы сербиялық Бранислав Трайкович. Ал, Шымкентте грек-рим күресінен Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы,даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған ашық біріншілік басталды. Бұған дейін 11 кездесуде бірде-бір рет жеңіліп көрмеген «Ордабасы» командасы үшін Шахтермен ойнау асқан қиындық туғызды. Өткен жылы Виктор Кумыков басқарған кеншілер командасы «Ордабасы» тактикасына қанық екенін ойынның бірінші минутынан-ақ, айқын аңғартты. Тіпті қонақтар сапындағы Топчагичтің үш рет қақпашымен бет -бет шығып гол сала жаздауы алаң иелерін абдыртып тастады. Бір соққысы қақпа бағанасына тимегенде жағдай қиындай түсер еді. Ойынның екінші кезеңінде ғана ес жинаған Ордабасы ойыншылары ойынның негізгі минуты аяқталуға 10 минут қалғанда Шацкий қорғаған қақпаға бір гол салуға қол жеткізді. Бұл жолы бұрыштан берілген допты баспен бағыттаған Тройкович есеп ашты. Осыдан кейін жаппай қорғанысқа жатып алған алаң қожайындары маңызды деген үш ұпайға ие болды. Енді әр тур сайын жанкүйер күтпеген қызықты кездесулер орын алуы мүмкін. Турдың басты ойыны Алматының Қайраты мен Ақтөбе арасында өрбіді. 1-2 есебімен ұтылып жатқан Қайраттың ең үздік ойыншысы Бауыржан Исламхан 90-минутта 11-метрлік айып добын сала алмады. Төреші 13 минут уақыт қосқанмен есепті теңестіру мүмкін болмады. Астана өз алаңында Ертіспен 2-2 болды.Қайсар -Оқжетпестен 0-2 есебімен оңбай ұтылды. Тобыл -Жетісуді 3-1 есебімен ұтып турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.