Бәйдібек ауданында футболдан облыстық турнир болып өтті. Дәстүрге айналған жарыс биыл 11-рет ұйымдастырылып отыр. Оған облысымыздағы аудандардан 7 команда қатысып өз ара мықты анықтады. Ал, сайыстың ұйымдастырушысы ауданның құрметті азаматы Әбілдабек Шардарбеков. Ауыл спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа келген 7 команда да әр ауданның мықтылары. Бұл жалғы жеңімпаз болуға дайын. Содықтан болар, жарыстың барлық ойындары тартысты өтті. Алғаш болып алаңға шыққан Созақ ауданының аяқ допшыларымен Түлкібастық ойыншылар бір-бірінен айласын асыра аламды. Таразы басы тең түсті. Сонымен екінші айналымда созақтық спортшылар алаң иелері Бәйдібектік ойыншылармен кездесті. Әбілдәбек Шардарбеков, облыстың құрметті азаматы, ұйымдастырушы: Бәріңізге денсаулық,үлкен табыс тілеймін. Мұндағы мақсатымыз осы жасөспірімдерді спортқа тәрбиелеу,оларды бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу болатын. Соның өзі пайдасын тигізіп келіп жатқанын білесіз. Сайыста жеңімпаздар жалпы ойын барысындағы жинаған ұпайлары бойынша анықталды. Ал, жалпы нәтиже бойынша Бәйдібек, Созақ, Түлкібас аудандарынан келген командалар өзге қарсыластарынан басым түсті. Сөйтіп, ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Батырбек Көшербай, Бәйдібек ауданының әкімі: Мен бұған дейін осы ауданда ағамыздың еткен еңбегін сырттан,ағайын-жұрттан естіп жүретін болсақ, осы ауданда қызмет еткелі бері ағамызбен тығыз қарым-қатынастта жұмыс жасадық.Шын мәнінде,бүгінгі Оқтүсік Қазақстан халқы ағамыз жайлы жақсы айтқан жақсы лебізінің шын мәнінде солай екеніне менің көзім жетіп жүр Айтып өту керек, аудан да жастарды спортқа тарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Солардың жеке азамат тарапынан ұйымдастырылып отырған осы шара.