«1 маусым – Балаларды қорғау күні». Айтулы күнге орай, облыстық кірістер департаментінің ұйымдастыруымен «Бюджетке төленетін мемлекеттік міндетті төлемдер» тақырыбында балалар суреттерінің өңірлік байқауы өтті. Сайысқа облысымыздың барлық аудан қалаларынан 200 ге жуық бала қатысып, өзара бақ сынасты. Ал, жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топ бойынша анықталды. Бұл байқау бұрынғыдан өзгерек. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған шарада бұл жолы балалар салық, кеден, бюджет туралы көзқарастарын қағаз беттеріне бейнеледі. Жеткіншектер үшін байқаудың талабы оңай болмады. Соған қарамай балалардың көпшілігі берілген тапсырманы дұрыс орындап, өз ойларын ұтымды жеткізе білді. Алтынсары Үмбетәлиев, ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы: «Байқауға 16 жасқа дейінгі балар қатысты. 3 жас ерекшеліктері бойынша, яғни 9- жасқа дейінгі, 9-жастан 12 жасқа дейінгі. 12 ден 16 жасқа дейінгі балалар. Әрине суреттердің тақырыбы қызықты болды». Шара барысында байқаудың жеңімпазы 9 жасқа дейінгі балалар арасынан еңбегі үздік деп танылып 1- орынды иеленді. Айта кетейік, мұндай байқау еліміздің барлық облыстарында ұйымдастырылып отыр. Болашақта әр өңірдің жеңімпаздарынан республикалық үздіктер Астана қаласында анықталмақ. Сол байқауға біздің өңірден 10 оқушының еңбегі ұсынылатын болады,