26.05.2015 в 12:33

Отырар ауданында жүгері зауыты салынды

Отырар ауданында дәнді дақылды кептіріп, ысырапсыз сақтайтын жүгері зауыты салынды. Бұл өңірдегі жүгері кластерін дамытуға да негіз болмақ. Өйткені бұрындары дихандар жинаған өнімін кептіре алмай, жауын-шашынға ұрынып, жаздайғы еңбегі еш кететін. Енді жаңадан ашылған кәсіпорын шаруалардың өнімдерін ысырапсыз жинап алуға және қаржыларын үнемдеуге мүмкіндік бермек. Қондырғы сағатына 35 мың тонна дәнді дақылды кептіре алады. 10 мың тонналық қоймасы да бар. Жобаның жалпы құны 250 миллион теңге. Екі қаржы институты арқылы несиелендірілген. Зауыттың соңғы бөлшектері тамыз айында толық құрастырылып бітеді. Яғни, күздегі науқанда алғашқы өнім қабылдауға әзір. Теміржол тұйығы мен инфрақұрылым толық дайын. Кәсіпорын дәнді дақылдың кез келген түрін кептіре алады. Зауыт басшылығы болашақта жүгері өнімдерін терең өңдеп, тіпті крахмал өндіруді де жоспарлап отыр екен. Ауданда қазір 10 мың тонна қойма қойып, кептіргіш құралы сағатына 35 мың тонна кептіреді. Төребек Дайрабай, серіктестіктің атқарушы директоры - Осы уақытқа дейін екі ойлы болдық. Егеміз ба, екпейміз ба, қалай болады деп. Өткізетін жер бола ма деп. Енді қазір өте үлкен пайдасы тиіп жатыр. Кептіріп береміз, өнімді өзіміз аламыз деп жатыр. Бұның біздер үшін пайдасы зор болайын деп тұр.