26.05.2015 в 17:48

Оңтүстікте жаңа жұмыс орындары бойынша 949 жоба жоспарлануда

Бүгін "Оңтүстік" ақпарат орталығында, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Брифингте «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде атқарылған және нысаналы индикаторлардың орындалу деңгейінде жүзеге асқан жұмыстарға тоқталып, Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелері жөнінде айтып өтті, мысалыға облыс бойынша еңбекке қабілетті 2267 мүмкіндігі шектеулі азаматты, оның ішінде 1193-ін 3 пайыздық квота негізінде жұмыспен қамту көзделді. Ағымдағы жылдың 1-ші мамырына облыс бойынша нақты 318 мүгедек, оның ішінде 3 пайыздық квота негізінде 99 мүгедек жұмысқа жолданған. Көші-қон мәселелері бойынша биылғы жылдың 4 айында 204 адам немесе 87 отбасы оралман мәртебесін алған. облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға, жұмыс берушілердін ұсыныстарына сәйкес 4156 квота бөлінді. Бөлінген квота негізінде 1150 шетел азаматтарына кәсіпорындардың ұсыныстары қаралып, 50 кәсіпорындар мен ұйымдарға рұқсат берілді. Жаңа жұмыс орындары бойынша, биыл 949 жоба бойынша жалпы  40525 жаңа жұмыс орындары ашылатыны жоспарланса, жұмыспен қамту органдары арқылы 5386 адам қамтылуы жоспарланып, 1 мамырға 755 адам жұмыспен қамтылды. «Өрлеу» жобасын ендіру бойынша,  жылдың 1-ші шілдесінен  республиканың барлық өңірлерінде пилоттық негізде ендіру жоспарлануда. Осы тұрғыда облыста Төлеби ауданы мен Сарыағаш, Арыс қалаларында пилоттық жоба ретінде енгізу туралы шешім қабылданды. барлығы болып 186 отбасы немесе 1027 адамды қамту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру ауқымды бойынша іс-шаралар атқарылғанын жеткізді. Биылғы жылдың 1 мамырдағы жағдайымен 23 179 адам, оның ішінде: 427 соғысының ардагерлері, 973 соғысқа қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер, 21779 тыл еңбеккерлері есепке алынған. Брифинг соңында басқарма басшысы Ә.Темірбаева журналистердің берген сұрақтарына жауап берді.