02.06.2015 в 15:14

Мақтаралда спартакиада басталды.

Мақтарал ауданында, балалар күніне орай ұйымдастырылған салуатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, Атакент кентіндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі секілді спорттың 4 түрінен мектеп оқушыларының арасында III-ші жазғы спартакиадасы басталды. Бұған 24 ауыл округтерінен 960 оқушы, 122 жаттықтырушы қатысты. Ақтық сайыстың I-ші кезеңі 1-і мен 9-шы маусым аралығында қала кент, ауыл округтері арасында өтетін болса, II-ші кезеңі 13-і мен 16-да Асықата, Мақтарал, Мырзакент, Жетісай өңірлері бойынша, III-ші кезеңі 18 – 21 маусым күндері аудан бойынша ақтық жарыс өтеді. Сондай-ақ, осы күні қаладағы Дарын Ми, Т. Рысқұлов, Н. Оңдасынов атындағы жалпы орта мектептері бойынша 72 оқушының қатысуымен жеңіл атлетикамен қатар Мақтарал ауданы мектеп оқушылары арасында футболдан өткен біріншіліктің жартылай финалында «Жастар есірткіге қарсы» деген ұранмен басталған ойын арасындағы «Супер Кубок» жеңімпаздары анықталды. Өткен біріншіліктің жартылай финалында ойын көрсеткен 6 команда арасынан суырылып шыққан М. Ғабдуллин мектебі I-ші орынды иеленді, Сарыарқа мектебінің футболшылары II-ші орынды қанағат тұтты. Ал, Жетісай қаласындағы А. Байтұрсынов мектебінің үміткерлері III-ші орынды қанжығаларына байлады.