Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев қашанда халқымыздың әлеуметтік жағдайын дамытып, азаматтардың бақуаттығын арттырумен бірге, мемлекттің іргетасы-берік отбасы,үлгілі шаңырақтан басталатынын қайталап айта отырып, биылғы жолдауында бұл мәселеге айрықша тоқталған болатын. Көп балалы қазақ обасының әуелден ұйымшыл, бауырмал, бірауызды, үлкенге сый, кішіге ілтипат көрсеткіш қасиеттерін кейінгі ұрпаққа жалғастыруды, ол құндылықтарды насихаттау жолында қызмет етуді тапсырды. Осы тұрғыда, бүгін Шымкентте «Опера және балет» театрында «Мерейлі отбасы» облыстық ұлттық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты- ана сүтімен бойымызға сіңген игілікті салт, озық дәстүрлерімізді сақтап, ежелден қазақ отбасына тән асыл қасиеттерімізді қастерлеп, аудан, ауыл, кенттерде тұратын үлгілі отбасын елге таныстыру, өнеге ету. Ұлттық байқау үш кезеңнен өтіп, бірінші кезең- аудандық, екінші кезең-облыстық, үшінші кезең- республикалық деңгейде өткізіледі. Байқауға 30 үміткер отбасылар қатысты.
I – орынды 2 отбасы (Шымкент қаласынан Қуатбековтер отбасы, Түркістан қаласынан Таңғатаровтар отбасы), II – орынды 2 отбасы (Кентау қаласынан Жұмашевтар отбасы, Шымкент қаласынан Бексеитовтер отбасы), III – орынды 2 отбасы (Отырар ауданынан Құлымбетовтер отбасы, Сайрам ауданынан Есалиевтер отбасы) иеленді. Қалған 24 отбасы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. I – орын алған отбасылар 2015 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысатын болады. Жүлделі орын алған отбасыларды облыс әкімінің орынбасары Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы марапаттап, сыйлықтар табыстады.