Оңтүстік Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен оның аумақтық басқармалары осы жылдың наурыз-сәуір айларында сауда орындарындағы азық-түлік өнімдерінің сапасына мониторинг жүргізген болатын. Нәтижесінде, сауда орындарынан зерттеуге алынған 133 сынаманың 41-і таңбалау бойынша (мемлекеттік тілде этикетканың, «ЕАС» белгісінің – Кеден Одағындағы айналымның бірыңғай белгісінің болмауы т.б.) техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген. Бұл сауда орындарына 9 нұсқамалар беріліп, кемшілік анықталған тағам өнімдері сауда орындарының сөрелерінен алынып тасталынды. Осыған қарамастан, көптеген сауда орындары бұған дейінгі алынған сынамаларда таңбалау бойынша анықталған кемшіліктерге көңіл бөлместен, азық-түлікті қайтадан сатылымға жіберуде. Мәселен, Шымкент қаласының сауда нысандарынан мамыр айында тек сүт, ет және кондитер өнімдерінен зерттеуге алынған 123 сынаманың 16-ы Кеден Одағының 022/2011 «Азық-түлік өнімдерін таңбалау бойынша» техникалық регламенті талаптарына сәйкес келмеген. Сүт өнімдері : - Сүт «Домик в деревне», «Чудо-коктейль для взбивания»( ОАО «Вимм-Биль-Данн» РФ); - Қант, өсімдік майы қосылып қоюлатылған сүт өнімі ( ЗАО «Верховский молочноконсервный завод» РФ); - Йогурт өнімі «Сливочный» (ООО «Кампина» РФ); - Ультрапастерленген сүт өнімі 2,5% (ТОО «Еmali company» РК); - Қант қосылған сүт ( «ANGRY BIRDS» ОАО «Белморпродукт» РФ); Ет өнімдері: - Сосиска кешкі тамаққа ( ОАО «Черкизовский МПЗ» РФ) ; - Жартылай қақталған шұжық ( «Уральская» Курганская область, ИП Ильтяков). - Ет консервісі «Говядина тушеная»,( ООО м/к «Шиловский» РФ). -«Паштет» тауық бауырынан , құс еті «Наме», паштет қаз бауырынан, паштет бауырға шампиньон қосылған (ООО м/к «Шиловский»). -Паштет қаз бауырынан, ет қосылған қарақұмық ботқасы (ЗАО «Орелпродукт» РФ). Бұл тағам өнімдерінің қауіпсіздігін зерттеу жұмыстары жалғасуда. Осы анықталған кемшіліктер бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілеріне кемшіліктерді жою туралы орындау мерзімі көрсетіле отырып, нұсқамалар беріледі. Нұсқаманы орындау мерзімі өткеннен соң, орындалуына бақылау жүргізілетін болады. Нұсқама орындалмаған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 462 бабының 3 бөліміне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, құжаттарын қарау үшін сотқа жіберіледі.