12.06.2015 в 12:39

ОҚО-да мал шаруашылығы дамып келеді

Өңірде мал шаруашылығын жандандыру мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 8 мың бас ірі қара мал, «Асық ата» бағдарламасы бойынша 1300 ұсақ мал, «Құлан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1500 жылқы сатып алынды. Сонымен қатар қала-аудандарда құрылған селолық тұтыну кооперативтері аталған бағдарламаларды дамытуға мол мүмкіндік бермек. Салыстырмалы түрде 1990-2012 жылдар аралығында Қазақстанда әр түрлі санаттағы шаруашылықтарда ірі қара мал басының жалпы саны 9,5 миллионнан 5,5 миллионға азайған. Ірі қара басының айтарлықтай бөлігі, яғни, 77,5 пайызы жұртшылықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында шоғырланған. Республикадағы ірі қара санының азайып кетуіне ең алдымен ұжым мен кеңшарлардың тарап, орнына жаңа шаруашылықтар түрлерінің пайда болуы себеп екен. Соңғы жылдары аудандарда құрылған селолық тұтыну кооперативтерінің жұмыстары қарқынды жұмыс жасауда және асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтардың қатары жыл сайын толығуда. Солардың қатарында, Сайрам ауданындағы «ЕтАгроМанкент» серіктестігі ірі қара малды бордақылаумен айналысатын мекеме.

Мекеме басшысының мәліметіне сүйенсек, биыл Солтүстік Қазақстаннан сатып әкелінген асыл тұқымды өгіздер, Оңтүстіктің табиғатына бейімделген. Осы тұрғыда, мал шаруашылығын дамыту мақсатында республикада «Сыбаға», «Асық ата», «Кұлан» бағдарламалары қабылданған. Бұл бағытта өңірлік бағдарламалар да тиімді жұмыс жасауда