15.06.2015 в 17:05

Жастарға қолдау- қоғам алдындағы міндет

Оңтүстік Қазақстанда 800 мыңға жуық жастар болса, олардың 500 мыңға жуығы ауылдық жерде тұрады. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте облыстық Жастар орталығының директоры Е.Айтбаев мәлімдеді. Оның айтуынша облыста 11 жоғары және 94 орта арнаулы оқу орындары бар. Осы оқу орындарында 66 мыңнан астам жас білім алуда. Аталған мекеме өңірдегі жастар саясатын дамыту, облыс жастарымен жүйелі түрде жұмыс жүргізу мақсатында 2002 жылы құрылған мекеме жастармен бес бағыт бойынша жұмыс атқаруда. ОҚО әкімі А.Мырзахметовтың қолдауымен 2011 жылы барлық аудан, қалаларда «Жастар орталықтары» ашылып, материалдық-техникалық базасымен жабдықталды, дейді Е.Айтбаев. Осы жылдың 1 мамырына жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға жеті мыңнан астамы жас буын болса, бүгінде бес мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды. Ал, жастар практикасына 445 бітіруші түлек жіберілді. Жастарды кәсіпкерлікке баулу, жастар кәсіпкерлігіне қолдау көрсету мақсатында облыстық «Кәсіпкерлік мектебімен» арнайы кесте бекітіліп, бүгінде аудан, қалаларда ауыл жастарын оқыту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар жыл басынан бері өз кәсібін ашамын деген он жас кәсіпкер «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» есебінен шағын несие алса, 17-і «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан өз кәсіптерін дамыту үшін несие алған. Баспасөз мәслихатында орталық директоры «Жасыл ел» бағдарламасына 1000 жас азамат жұмысқа тартылғанын, «Студенттік құрылыс жасақтарына» 500-ге жуық жас тартылатынын хабарлады. Сондай-ақ, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы биыл жоспар бойынша 733 жас маманға бір жолғы көтермелеу жәрдемақы, ал 300 жас маманға тұрғын үй алу үшін несие беру жоспарланса, 133 жас маманға екі миллионнан астам азаматқа несие беріліп, 337 жас маманға 139 мың теңге көлемінде бір жолғы көтермелеу жәрдемақысы төленді.