Бүгін Шымкент қаласында Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында облыс әкімі, өңірлік ассамблеяның төрағасы А.Мырзахметовтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел» - жалпықазақстандық бірегейлік негізі» күн тәртібімен Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІІ сессиясы өтті.
Шараның мақсаты – халық бірлігін одан әрі нығайту, азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық институттар мен жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз қарым-қатынас орнату, ел бірлігіне байланысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Сатыбалдыұлы Халмұрадов қатысты.
Сонымен қатар жиынға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының, облыстық басқармаларының басшылары, этномәдени бірлестіктердің, діни бірлестіктердің, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, облыстық жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылды. Сессия жұмысы барысында облыстың бір қатар азаматтарына Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін. Ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық диалогты және қазақстандық патриотизмді дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бiрлiк» алтын медалi» қоғамдық наградасымен Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы марапатталады. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен облыстық мәслихатының депутаты, «NIK» корпорациясының бас директоры Нишанкулов Бадритдин Икрамжанович марапаталады. Жиында Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып жатқан этностар арасындағы достықты, бейбітшілік пен этносаралық татулықты нығайтудағы жасампаз еңбегі үшін облыс әкімінің «Бауырмал» сыйлығы тапсырылды.