25.06.2015 в 18:46

Оңтүстік бюджет қаражатын игеруде елімізде көш бастап тұр

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев және облыстық қаржы басқармасының басшысы Р.Исаева «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыс бюджетінің былтырғы жылы атқарылуы туралы баспасөз мәслихатын өткізді. 2014 жылдың қорытындысымен облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 200 млн. теңеге артып, 2,3 трлн. теңгені құраған. Оның ішінде өнеркәсіпа өнімінің көлемі 649 млрд. теңгеден асып, нақты көлем индексі 104,5 пайызды құраған. Ал ауылшаруашылығы саласына 23 млрд теңге көлеміндегі субсидия бағытталып, 2013 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге артқан. «Ауылшарашылығы саласында өнім көлемі 324,6 млрд. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 28 млрд теңгеге артты. Бұл саладағы нақты көлем индексі 101,6 пайызды құрап, республикада екінші орынға жайғасты»- деді облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр. Есепті кезеңде 450 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,8 пайызға артқан. Өңіріміздің инвестициялық мүмкіндіктері жайлы кеңінен баяндаған Ербол Әбілқайырұлы шетелдік сарапшылардың пікірінше Оңтүстік Қазапқстан облысы еліміздің басқа өңірлері арасында инвестиция тартуға қолалй әрі тиімді өңір деп бағаланғанын айрықша атап өтті. Бұл өз кезегінде облыстың өзіндік кірістерін арттыруға сеп болып отырған көрінеді. Мәселен, 2012 жылы облыс бюджетінің түсімі 64 млрд теңгеге тұрақтаса, 2013 жылы бұл көрсеткіштің болжамы 72 млрд. теңге деп көрсетіліп, нақты 78,8 млрд. теңге болып орындалған.