26.06.2015 в 14:45

Шымкенттік кілемдер әлемдік нарыққа жол тартпақ

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем және кілем бұйымдарын шығаратын фабрика кәсіпорнының өнімдері «Қазақстанда жасалған» деген белгімен шығатын болды. Бұл кәсіпорынның сауда нарығындағы қуаттылығын арттырып, отандық экономиканың дамуына өз үлесін қосады дейді мамандар. Биыл жалпы құны 3 млрд. тг құрайтын 10 желіні іске қосу көзделеді және бұл кезеңде жаңадан 180 жұмыс орны ашылатын болады. 2016 жылы фабриканың төртінші кезеңін іске қосу жоспарланған. Өндірісте Қазақстанда бұрын-соңды қолданылмаған шетелдік заманауи жабдықтар пайдаланылады. Аталған кәсіпорын кілемнің 300-ге тарта түрін өндіреді. Отандық нарықты қамтыған кәсіпорын енді өнімді шет-елдерге тасымалдамақ. Осы мақсатта өнідіріс ошағы жергілікті қамтуды дамыту Ұлттық агентігімен мемарандумға қол қойды. Енді кілемдер «Қазақстанда жасалған» біріңғай таңбасымен белгіленетін болды. Қайсар АМАНБАЕВ, «Жергілікті қамтуды дамыту Ұлттық агенттігі» басқарма төрағасының орынбасары: – Қазір елімізде отандық өнімді қолдау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Екі жақты келісім құжаттың негізгі мақсаты сатып алушылардың өнімге деген сенімін арттырып, отандық экономиканың дамуына үлес қосу. Сондай-ақ, өнімнің шет-елдерге емін-еркін тасымалдануына жол ашу. Кілем өндіруге төрт түрлі жіп қолданылса, бүгінде соның төртеуі шет елден әкелінеді. Осы кезге дейін шикізатты Туркия, Бангладеш, Индонезиядан алып келген зауыт басшылығы енді соның біреуін өзімізде өндірмек. Жаңадан іске қосылған цех кілемге қажетті пропилен жібінің жылына 10 тоннасын өндіруге қауқарлы. Бұл кәсіпорынның өндіріс қуатын екі есеге арттыра түспек. Сапасы «Парсы» кілемдерінен кем түспейтін зауыт өнімдері «Қазақстанда жасалған» таңбасымен енді әлемдік нарыққа жол тартады. Әзірге дайын өнімге Қырғызстан, Қытай, Ресей елдері қызығушылық танытып отыр.