01.07.2015 в 09:28

Атырау жол құрылысына 12 млрд теңге жұмсайды

Биыл Атырау облысында жол құрылысына 12 млрд. теңге жұмсалмақ. Бүгінгі күні жол салу және жөндеу жұмыстарына 850-ге жуық адам тартылған.

«Жылыой мен Мақат аудандарынан басқа облыстың барлық өңірлерінде жол салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Енді жақында Мақат кентінде жолдарды абаттандыру жқұмыстарын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ биыл облыстық маңыздағы ұзындығы 170 шакырымдық Атырау-Индер  жолының құрылысы аяқталады. Қазіргі кезде инфрақұрылым жасау жұмыстары жүргізілуде», - деді ҚазАқпарат тілшісіне «Атырауиндждорстрой» ЖШС директоры Бөлек Әлменбаев.

Жолдың елді мекендер маңындағы бойында аялдама павильондары, адамдарды көліктерге отырғызу алаңдары салынып, қоғамдық көліктерге арналған аялдау учаскелері жасалуда.

Автомобильдер үшін жол бойларында тоқтап, көліктерді қарайтын алты алаң жасалды. Сондай-ақ онда эстакадалар, демалатын орындар, тұрмыстық қоқыстарға арналған контейнерлер және басқалары қарастырылған. 2014 жылы облыста 300 шақырымдық жол салынды. Ақшаға шаққанда орындалған жұмыстардың көлемі 22 млрд. теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарына 1800 адам тартылды.

Қазақпарат

Тегтер: