01.07.2015 в 09:43

Оңтүстік Қазақстан өнім өңдеуден үшінші орында

Оңтүстік Қазақстанда үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 1,2 трлн. теңге болатын жоба жүзеге асып, 33 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Б.Омарбеков.

«Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте басқарма басшысы бұл жобалардың 50 пайызға жуығы ауылдық жерлерде жүзеге асып жатқанын айтты. Соңғы төрт жылда жалпы құны 183,9 млрд. теңгеге 137 жоба іске қосылып, 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Іске қосылған жобалардың нәтижесінде 2014 жылы 56,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, осы жылдың 5 айында 24,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ал 2008-2014 жылдардағы аймақтар бойынша өңдеу өнеркәсібі өндірісі бойынша Оңтүстік Қазақстан өнім өңдеуден үшінші орында.

‒ Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы инвестиция көлемі 845,1 млрд. теңгені құрайтын 104 жобаны іске қосып, 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде өңірімізге маңызды жобалар трактор зауыты, коммуналдық және арнайы техника, рентген аппараттары, алюминдік радиаторлар, жоғары сапалы фармацевтикалық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер, джинс маталарын шығаратын зауыттар мен фабрикалар, сонымен қатар 2 ірі металлургиялық комбинат, ірі жиһаз фабрикасы және т.б. , зауыттардың құрылысын жүргізу көзделуде, ‒ деді Б.Омарбеков.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі