Бүгін облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 89 түлекке облыс әкімінің грантын тапсырды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. ҰБТ сынағынан қажетті көрсеткішке қол жеткізе алмай грантқа ілікпеген балалар енді жолдама арқылы облысымыздағы 11 жоғарғы оқу орындарында білімін тегін жалғастыра алады. Оқу жылында өңірде 11-сыныпты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200 бала бітірді. Олардың 89-ы облыстағы жоғарғы оқу орындарына, 91-і колледждерде оқуға ниет білдірсе, 20-ы еліміздің басқа өңірлерінде білім алуға ықылас танытып отыр.Жоғарғы оқу орындарында оқуға ниет білдірген 147 түлектің 106-ы Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 50 баллдан жоғары жинаған. Ұлттық бірыңғай тестілеуде өтпелі балдан төмен жиған түлектер де оқудан тысқары қалмайтын көрінеді. Өйткені, оларды облыстағы орта арнаулы оқу орындары тегін оқыту үшін күтуде. Түлектер облыстағы бетке ұстар 11 жоғарғы оқу орнында тегін білім алмақ. Білім беру басқармасында «барлығы да қажетті шәкірт ақы және жатақханамен қамтылатын болады» деп сендірді. Салтанатты шарада балалардың болашаққа деген үмітін өшірмей, қамқорлық танытқан облыстағы 11 жоғары оқу орындарының басшылары облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов жаңа өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге сәттілік тілеп, мемлекетімізге еңбек ететін білікті маман болып шығатындарына сенім артты.