08.07.2015 в 23:42

Медицинадағы инновациялық жетістіктер халық игілігі үшін

Өңіріміздің айтулы медициналық мекемесінің дәрігерлері ерледі. Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасында тұңғыш рет шынтақ буынын алмастыру операциясы жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, жылына осындай дертке шалдыққан 100-ге тарта науқас «операция жасатамын», - деп, медициналық көмек күтеді. Назарға алсақ, бас қала мен оңтүстік астанада күні бүгінге дейін небәрі 5 азаматқа жасанды буын қойылған. Шетелді айтпақ түгілі, Қазақстанның ірі екі қаласында ем-дом жасаудың өзі қарапайым адам қалтасына оңайға соқпайды. Облыстық клиникалық ауруханада қолға алынған ота тегін іске асырылады. Ресейдің озық дәрігерлерімен ота жасаған біздің мамандардың пайымынша, дертке әдетте ревматизммен, брюцеллезбен ауырған, қолын сындырып алған адамдар шалдығады. Ал, ота қымбаттылығымен, технологиялық жағынан өте күрделі болуымен ерекше.Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін әлемнің түкпір-түкпірінен келген майталман мамандар оңтүстікқазақстандық әріптестерімен бірігіп 9 түрлі операция жасады. Оған қоса, жамбас сүйегінің ауыр жарақаттары, созылмалы бауыр аурулары, ми қабығына жасалатын операциялар тақырыптары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Мұқан ЕГІЗБАЕВ, ОҚО КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

- Қазіргі келген қонақтардың өзі айтып отыр. Алыс-жақын шетелдерде жоқ медициналық құрал- жабдықтар алып отырмыз. Бұның барлығы 1-шіден, Елбасымыздың денсаулық сақтау саласына аударған көңілінің арқасында, денсаулық сақтау министрлігінің ауруларды басқа жерге жібермей, шетелдерге жібермей емдеу мақсатында.