10.07.2015 в 11:15

Арал зауыты сода шығарады

Өткен жылы «АралТұз» кәсіпорнында азық-түлік өндірісі бойынша модернизация жасау аяқталды.

Нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы 6 айының өзінде өнім шығару 20 пайызға артқан. Бұдан бөлек Арал ауданында кальций қосылған сода шығару туралы шешім қабылданды. «Бәйтерек» холдингі аталған жобаны жүзеге асыру үшін 200-205 млн. доллар көлеміндегі қаржымен қамтамасыз етпек. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.