11.08.2015 в 12:23

Ауданда «Бизнес кеңесші» оқу курсы өтті

«Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Арал аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқыту курсынан өтті. Бұл туралы аудан әкімі баспасөз қызметінен хабарлады.

Курсқа кәсібін енді бастағалы отырған және кәсібін бастағанына 1 жыл толмаған азаматтар қатысты. Мұнда өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге арналған бұл курста кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқытылады. Қысқа мерзімдік оқыту жобасына қатысушыларға бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты мәселелерде тәжірибесі мол білікті тренер дәріс берді. Курсқа Арал ауданы бойынша барлығы 25 азамат оқуға қатысып сертификаттары табысталды.
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы кәсіпорындарға, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарға көмек көрсету, бизнесті дамыту және бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға қолдау көрсетудің кешенді бағдарламасы. Оқу курсына қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіпкер атанып еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай тер төгетіндерін жеткізді.