Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов алғашқы жұмыс сапарын өңірдегі күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептер мен жылу маусымына жүргізілген дайындық жұмыс қарқынымен танысып, Қапал батыр көшесі бойындағы көпір құрылысын аралаудан бастады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі. Бас жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғын үй қорын жылу маусымына дайындау жұмыстары өз кезеңімен атқарылып жатыр. Қала бойынша орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін үйлер саны-1762, ал бюджеттік мекемелердің саны – 346. Жылу жүйелеріндегі ағымдау жөндеу жұмыстардың барлығы 2015 жылдың қазан айына дейін аяқталуы тиіс. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Қордың қаржысынан 2015 жылға 1,6 млрд теңге қаралып, «Шымкент қаласының Оңтүстік бөлігіндегі магистралды жылу жүйелерін қайта құру» жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, жалпы сметалық құны 1236,9 млн теңгені құрады, 5.3 шақырым құбырлар ауыстырылады. Ал Қапал батыр бойындағы көпірдің құрылысы 2014 жылдың қараша айынан бастау алған. Кестеге сәйкес көпір 2 жақты,6 жолақты болады. Қазіргі таңда жөндеу жұмысының 40 % аяқталған. Бас жоспарға сәйкес 2016 жылдың І жартыжылдығында көпірдің құрылысы бітеді деп күтілуде. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар қала әкімінің қатаң қадағалауында болады.Қала әкімі Т. Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясында, сондай-ақ 1974 жылы пайдалануға берілген Б. Момышұлы атындағы №44 мектептеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мектептерді аралап, құрылыс жұмыстарының жай-жапсарымен танысты. Жоспарға сәйкес, №25 мектептегі жөндеу жұмысы – 2015 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады, ал№ 44 мектептегі жөндеу жұмыстар -2015 жылдың 25 тамыз айында бітеді. Мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүріп жатыр.
Сайгез ақпарат