25.08.2015 в 13:03

Беріктің қатысы бар бес ірі шара

1.      Ең әуелі Алашорда үкіметінің 95 жылдық мерейтойына арналған ресми конференцияны оңтүстікте ұйымдастырып еді.  Алашорданың 90-95 жылдықтарында билікте Əлихан Бөкейхан идеясын ұғынатын азаматтар сирек дескен. Сөйтсек, тарих қазақтың да ұпайын ақырындап түгендеп келе жатса керек.

2.      Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Діни тұрақтылық – ел дамуының кепілі» ғылыми-практикалық конференция өтті.

3.      ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша жеңістің 70 жылдығына орай  «Майдангерлер» атты қысқаметражды фильм түсірілді. Тек бұл ғана емес, негізгі мамандығы киносыншы Берік Уәлиұлы өңірде түрлі мәдени ауқымды шаралардың ұйытқысы бола білді. БАҚ пен қоян-қолтық жұмыс істеуге бар күш-жігерін салғаны да жасырын емес.

4.      Мемлекеттік маңызы бар әлеуметтік шаралар үздіксіз өткізіліп келді. Мысалы: Рәмiздер күнi, Мерейлi отбасы, 100 нақты қадам бойынша Журналистердiң аймақтық форумы, мешіт имамдарының сзьезді және түрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар т.б.

5.      Берік Уәлиұлының оңтүстікке келуімен қалада тарихи тұлғаларға арналып ескерткіштер көптеп бой көтере бастады. Бір ғана Астана күні қарсаңында 75 нысанның ашылуын ұйымдастырды.

 «Қамшы»