Шымкент қаласында Конститутция күні қарсаңында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында қала әкімі қол қусырып қарап отырмай, тікелей өзі барып қатысты деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Осынау еңбек мерекесіне қала тұрғындары белсене ат салысты.Тазалықты сүйетін қатысушы азаматтар шаһарымыздағы көше, аула бойлары, өзен жағалауларын қалдық - қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін әктеп, ортақ үйіміздің әсемденуіне бір кісідей атсалысты. Қаланың тынысын кеңейтіп, ажарын ашқан сенбілікке Шымкент қаласы әкімі Ғабидулла Әбдіраxымов өз тарапынан белсенділік танытты. Халықпен бірге болып, мерекелік көңіл күйде арық атыздарды тазалап, бұлақтардың да көзін ашты.
Сенбілік барысында Ғабидулла Әбдраxымұлы:
-Ата заңымыздың 20 жылдығын біз жалпықалалық сенбіліктен бастағанды дұрыс көрдік. Осындай Тазалық жұмыстары жиі өткізіліп тұратын болса, ортақ үйіміздің одан сайын көркейе, көгере, жандана түсетіндігіне сенімім мол-деді.
Сенбілікке жиырма төрт арнайы техника бірлігі жұмыс жасады.
Бұл сенбіліктің басты мақсатының бірі - табиғатты аялай отырып, шырайлы Шымқаламыздың тазалығы мен көркі үшін жанашырлық таныту болатын. Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың бойындағы экологиялық сауаттылықтарын арттырып, оны келешек ұрпаққа табыстау көзделген еді.